Александр Лукашенко 2025 жылғы президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы ол Ресейдің «Россия-1» мемлекеттік телеарнасына берген сұхбатында айтты

Фото: Ақорда

Беларусь Республикасында президенттік сайлау 2025 жылдың 26 қаңтарына белгіленді. Бұл шешімді сәрсенбі күні Беларусь Парламентінің Өкілдер палатасы қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еліне 30 жылдан астам уақыт басшылық жасап келе жатқан Александр Лукашенко өзінің кандидатурасын ұсынатынын хабарлады. Бұл туралы ол Ресейдің «Россия-1» мемлекеттік телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Беларусь конституциясы оған қайтадан сайлауға қатысуға мүмкіндік береді, ал көптеген сарапшылар оның биліктен бас тартпайтынын алға тартады. Лукашенконың билігі кезінде, әсіресе 2020 жылғы тамыз айындағы сайлауынан кейін, елде үлкен наразылықтар болды. Қарсылық акцияларының қатысушылары мен оппозиция өкілдері қудаланып, олардың бір бөлігі шетелге қашуға мәжбүр болса, басқалары қамауға алынды.

2020 жылғы сайлауда ресми мәлімет бойынша Лукашенко 80% дауыс жинаған. Алайда, Еуропалық Одақ, АҚШ және басқа да бірнеше елдер бұл нәтижені мойындаған жоқ. Сол сайлауға сондай-ақ Светлана Тихановская да қатысып, оппозиция оның көпшілік дауысты алғанын алға тартты. Тихановскаяның күйеуі, блогер және саясаткер Сергей Тихановский, Орталық сайлау комиссиясы тіркемеген соң, ол президенттікке өз кандидатурасын ұсынуға мәжбүр болған еді.