«Құны – 85 мың теңге»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі қыз-келіншектермен кездесу ұйымдастырмақ

Автор: Azattyq Rýhy

Кездесу Астана мен Алматыда өтеді

Фото: іnstagram.com/nazymkakharman

Әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы қыз-келіншектермен кездесу ұйымдастырмақ. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Назым Қаһарман қараша айында Астана мен Алматыда қыз-келіншектердің  басын қоспақ. Кездесу «Hello Stress! Стресс кезінде сұлулық пен денсаулықты қалай сақтауға болады» тақырыбында өтеді.

Бұл жиынға қатысу құны да арзан емес. Бір адамға – 85 мың теңге.

«Бұл кездесулерде біз өмірдің қиын кезеңдерінде де әдемі және сау болу туралы сөйлесеміз. Мен өзіңді қолға алу және стрессті жеңу жолдары туралы практикалық кеңестеріммен бөлісемін. Жәбірленуші рөліне түсудің орнына, өзіңді күшті және сенімді сезінуге көмектесетін өзіне-өзі көмектесу стратегияларын талқылаймыз. Біз бұл уақытты жылы, сана мен жанға пайдалы етіп өткіземіз», - деп жазды Назым Қаһарман.

Сондай-ақ, ол Instagram желісінің Stories бөлімінде кітап жазып жатқанын жарилады. Назым Қаһарман Жанель есімді қолданушының сторисін бөліскен. Онда Назымның бұрынғы жұбайы Бишімбаев туралы кітап жазып жатқанын, тіпті, туындының екі бөлімі дайын екені жазылған. Ал Назым Қаһарман шын мәнінде кітаптың Бишімбаев туралы емес, өзі жайында екенін мәлім етті.ф

«Бұл кітап өзім жайлы. Менің бірінші некем, ажырасуым жайында болғандықтан, кей кейіпкерлер туралы да жазылады», - деп жазды ол.