Қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін: «ҚазАвтоЖол» жргізушілерге ескерту жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық оператор жүргізушілерден қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды

Фото: depositphotos.com

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қолайсыз ауа райына байланысты көлік жөлік жүргізушілеріне жүгініп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық оператордың хабарлауынша, 2024 жылғы 24 қазанда Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Павлодар, СҚО, Қарағанды, Қызылорда және Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Ал Абай және Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

«Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», - делінген хабарламада.