«Менің жеке өмірім»: Серік Жұманғарин Үкіметті басқарғысы келе ме?

Автор: Azattyq Rýhy

Вице-премьер БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді

Фото: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Үкімет отырысынан кейін вице-премьер Серік Жұманғарин алдағы мақсаты, қызметтегі амбициясы туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БАҚ өкілдерінен премьер-министрдің орынбасарына «премьер-министр боламын деген амбицияңыз бар ма?» деген сауал қойылды.

«Мен сіздің сериалы сұрақтарыңызды үзгім келіп тұр. Мен бұл сауалға жауап бермеймін. Бұл жеке бастың шаруасына қатысты қойылған сұрақ», - дейді вице-премьер.

Ал аяқастынан отставкаға кеткен жағдайда қандай іспен шұғылдануы мүмкін?

«Айналысатын істі тауып аламын. Бұл – менің жеке өмірім. Немен шұғылданамын, қалай айналысамын, оның сіздерге қатысы жоқ. Болашағымды қалай, кіммен, қайда елестетенімнің сіздерге қатысы жоқ», - деді Серік Жұманғарин.