Жарысқа 80 елдің спортшылары қатысады
Астанада 8-10 қараша аралығында спорттық және жауынгерлік самбодан, сондай-ақ зағип спортшылар арасында самбодан әлем чемпионаты өтеді. Турнир Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жарысқа 80 елдің спортшылары қатысады.
6-7 қарашада командалар аккредитациядан өтіп, қонақүйлерге тіркеледі. Оқу-жаттығу жиындары елордада жарыс басталар алдында – 25 қазаннан басталады.
«Бұл жарыстардың басты ерекшелігі – әйелдер алғаш рет жауынгерлік самбодан бақ сынаса, сонымен қатар зағип (SVI1 санаты – мүлдем зағип) спортшылар арасында самбо күресі өтеді. Сонымен қатар, әлем чемпионаты 2025 жылы Чэндуде өтетін Дүниежүзілік ойындарға соңғы іріктеу турнирі болмақ», - делінген хабарламада.
Жарыс келесі салмақ дәрежелері бойынша өтеді: