Ұлытау облысында жанар-жағармай қоры қанша күнге жетеді

Автор: Azattyq Rýhy

Әкімдік жанар-жағармай тапшылығына байланысты тұрғындарға үндеу жолдаған болатын

Фото: istockphoto.com

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі Ұлытау өңірінде қанша жанар-жағармай қоры қалғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сонымен, департаменттің мәліметі бойынша жанар-жағармай қоры:

  • АИ-92 – 0,72 мың тонна немесе 10 күн;
  • АИ-95 – 0,13 мың тонна немесе 8 күн;
  • дизельдік отын – 3,06 мың тонна немесе 14 күн.

«ҚазМұнайГаздың» мәліметінше, АИ-92 бензинінің қоры:

  • Helios – шектеулер жоқ;
  • «Бүркіт», Petroretail, «С-Мұнай» – талондар.

«Жолда 1400 тоннаға дейін немесе АИ-92 (Petroretail, С-Мұнай, Бүркіт) бар 24 вагон келе жатыр, бұл Ұлытау өңіріндегі 2 аптаға дейінгі резерв», - делінген хабарламада.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, жанар-жағармай 1-1,5 күн ішінде жеткізілуі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ұлытау облысының әкімдігі жанар-жағармай тапшылығының туындауына байланысты өңір тұрғындарына үндеу жолдаған болатын.