Мемлекеттік мекемелерді жарып жібермек болған: Ақтау тұрғыны 18 жылға сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сотталған адам бұрын кісі өлтіргені үшін сотты болған

Фото: ҚР ҰҚК

Ақтау қаласының тұрғынына қатысты 19 қазан күні террористік акт жасамақ болғаны және терроризмді насихаттағаны үшін үкім заңды күшіне енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтау қалалық соты қылмыстық іс жасаған азаматқа 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

«Зорлық-зомбылық әрекетін жасау үшін жарылғыш құрылғыны, соның ішінде зақымдайтын элементтер жасауға қажетті компоненттер болттар мен шегелерді сатып алғаны анықталды.

Шабуыл нысаны ретінде Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінің ғимараттарын таңдап, фото және видеоға түсіру арқылы жергілікті жерді зерттеген», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Сотталған адам бұрын кісі өлтіргені үшін сотты болғаны белгілі болды.