$ 495.95  524.37  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жыл басынан бері Астанада 4 мыңға жуық интернет-алаяқтық тіркелген

Елордада OLX сайтында арзан тұрмыстық заттарды сату туралы хабарландырулар жариялап, алдын ала төлем жасауды талап еткен әйел ұсталды

Жыл басынан бері Астанада 4 мыңға жуық интернет-алаяқтық тіркелген
Фото: © istockphoto.com

Астанада жүргізілген «Stop-алаяқтық» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Павлодардан шыққан алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Интернет-алаяқтық оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты елордада «Stop-мошенничество» шарасы өткізілді. Жалпы, 2024 жылдың басынан бері Астанада 4 мыңға жуық интернет-алаяқтық оқиғасы тіркелген. 

Іс-шара барысында полицейлер Павлодар тұрғынын ұстады. 30 жастағы әйел OLX сайтында арзан тұрмыстық заттарды сату туралы хабарландырулар жариялап, сатып алушылардан 5 мыңнан 30 мың теңгеге дейінгі алдын ала төлем жасауды талап еткен. Қазіргі уақытта полицияға 10-ға жуық зардап шегуші жүгініп, алаяққа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер халықты өздерінің жеке және қаржылық мәліметтерін құпия сақтауға және алаяқтарға алданып қалмауға шақырады.

«Қырағы болыңыздар, күмәнді сатушылардан тауар сатып алмаңыздар және жеке мәліметтеріңізді қорғаңыздар», – деп ескертті полиция өкілдері.

Серіктес жаңалықтары