«Берешек сомасы – 4,1 млн теңге»: ШҚО-да 37 қызметкерге жалақы төлемеген кәсіпорын жауапқа тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Кәсіпорынға жалақыны уақытылы төлемегені үшін айыппұл салынды

Фото: istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуратурасы жүргізген талдаумен «Самар» КМК еңбек кодексінің талаптарын бұзып, 37 қызметкерге тамыз айында жалпы сомасы 4,1 млн теңге жалақы төлемегені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 2024 жылғы 1 қазанда қызметкерлер алдындағы борыш толық көлемде өтелді», - делінген прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ, жалақыны уақытылы төлемегені үшін кәсіпорын ӘҚБтК-нің 87-бабы бойынша 221 520 теңге сомасында 60 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.