$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында әлеуметтік маңызы бар ауруға шалдыққан тұрғындарға дұрыс төлем жасалмаған

Кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту  мәселесі қаралуда

Павлодар облысында әлеуметтік маңызы бар ауруға шалдыққан тұрғындарға дұрыс төлем жасалмаған
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Павлодар облысы Ақсу қаласында әлеуметтік маңызы бар ауруға шалдыққан тұрғындарға дұрыс төлем жасалмаған. Қазіргі уақытта кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту  мәселесі қаралуда, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy жергілікті Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысының прокуратурасы мемлекеттік көмек алу кезіндегі әлеуметтік маңызы бар ауруға шалдыққан 27 мың азаматтың құқықтарын негізсіз шектеу фактілерін анықтады.

«Өңірде азаматтарға әлеуметтік маңызы бар аурудың 13 түрінің орнына бес түрі бойынша ғана мемлекеттік көмек төленген. Қадағалау актісі бойынша Ақсу қаласының нормативтік-құқықтық актісіне өзгерістер енгізілді, енді аурудың әртүрлі түрлеріне шалдыққан 1 366 азамат қосымша 50 миллион сомаға (әр адамға жыл сайын 10 АЕК) арнаулы төлемдермен қамтылды», – деп хабарлады облыстық прокуратурадан. 

Облыстың қалған қалалары мен аудандарында 700 млн теңгеден астам сомаға қаржыландыруды ұлғайту бойынша жұмыстар, сондай-ақ бюджетті қайта қарау және нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау (өзгерту) бойынша тиісті рәсімдер жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары