Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны 457 адамға жетті
Атырау облысында соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың 25 фактісі тіркелді. Індетке шалдыққандардың барлығы Теңіз кенішінің жұмысшылары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб таратқан ақпаратқа сәйкес, коронавирусқа шалдыққандардың ішінде үш науқас - Үндістан азаматы.
«Қауіпті дертке шалдыққандар - кен орнынан шығар алдында скринингтен өткен жұмысшылар. Атап айтқанда, науқастар - 1996, 1971, 1978, 1974, 1992, 1965, 1974, 1988, 1974, 1987, 1984, 1976, 1970, 1998, 1986, 1992, 1991, 1982, 1978, 1982, 1979, 1994, 1987 , 1992, 1972 жылы туылған жиырма бес ер адам»,- делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Науқастар инфекциялық стационарға жатқызылады және хаттамаға сәйкес тиісті ем алады. Олармен байланыста болғандар анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынды. Қазіргі уақытта инфекция ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.
Осылайша, Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны 457 адамға жетті. Ал, індеттен сауығып шыққандар саны - 127