Ораза айт мерекесінің алғашқы күні 30 наурыз күні атап өтіледі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2025 жылға арналған діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кестеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға бекітілді.
Ораза айт мерекесінің алғашқы күні 30 наурыз күні атап өтіледі, ал Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді.
«Діни мерекелердің нақты күндерін жаңа айдың келуіне байланысты бір күн бұрын немесе кейінірек шегеруге болады», - деп ескертті ҚМДБ.