«Бекем бол» деген сөздер көмектеспейді»: Ләйлә Сұлтанқызы қазіргі жағдайы туралы айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді

Фото: Видеодан скрин

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі қайтыс болғаннан кейінгі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді.

«Қазаны ұмыту, жалғыздықты жеңудің нақты бір формуласы жоқ. «Бекем бол», «Мықтысың» деген сөздер көмектеспейді. Менің мұңымды сәл де болсын жеңілдететін – Аллаға деген сенім, тәуекел, балаларымның болашағы және сүйікті жұмысым. Бірақ кейде бос уақыт жаныңды жейді», - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.