MMA спортшылары да бар: кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Автор: Аян Бекжанұлы

Ұсталғандарға қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды

Фото: istockphoto.com

Алматыда кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ топ ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қалалық ПД ҰҚҚКБ ҚР ҰҚК-мен бірлесіп, Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстау іс-шарасын жүргізді. 

Қылмыстық топтың құрамында еліміздің Pop MMA спортшылары да болған.

Қазіргі уақытта олардың басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Ұсталғандарға қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.