Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Армения президенті Ваагн Хачатурянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ваагн Хачатурян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.
Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.