Жаңаөзенде жерді ластаған компанияға 4 млн теңге айыппұл салынды
Жаңаөзен қаласында экология заңнамасының сақталуына талдау жүргізу аясында «SAAT Group» ЖШС-мен мұнай құбырларын тазартуға қолданылған сұйықтықтың топыраққа төгілгенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша алынған топырақтың эксперименттік сынамаларында мұнай өнімдерінің іздері табылды.
«Қала прокуратурасының актісімен аталған мекеме Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабы 4-бөлігі, 332-бабы 1-бөлігі және 337-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 4 млн теңгеге айыппұл салынды», - делінген Маңғыстау облысы прокуратурасының хабарламасында.