Павлодар тұрғынын сот 16 жыл бұрын психорталыққа еш себепсіз жатқызған
Павлодар өңірінің прокуратурасы азаматтың конституциялық құқықтарын қалпына келтірді
Павлодар облысының прокуратурасы өңір тұрғыны 16 жылдан бері психоневрологиялық орталықта еш себепсіз жатқанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, ол адамның мамандандырылған мекеменің қамқорлығына 2008 жылы сот шешімімен орналастырылғаны белгілі болды.
«Прокуратураның араласуынан кейін ғана тартылған мамандар денсаулық жағдайының оң динамикасын атап өтті, ал орталық қызметкерлері оны назардан тыс қалдырған.
Осыған байланысты сот Павлодар ауданы прокурорының талап арызы бойынша сот-психиатриялық сараптама жүргізгеннен кейін, жоғарыда аталған адамды әрекетке қабілетті деп танып, Психоневрологиялық орталық қамқорлығының күшін жойды, кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.