Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Автор: Azattyq Rýhy

Өзге шаһарларда метеорологиялық ахуал қалыпты деңгейде

Фото: istockphoto.com

Бүгін, 15 қазанда еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сейсенбі күні Петропавл, Атырау, Ақтөбе қалаларында ауа сапасы нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.