ШҚО-да алаяқтар әкімдік қызметкерлері атынан халықтан ақша сұрап жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Өңір жұртшылығына барынша абай болу қажеттігі ескертілді

Фото: depositphotos.com

Шығыс Қазақстан облысында алаяқтар желіде әкімдік қызметкерлері атынан парақшалар ашып, халықтан ақша сұрап жатыр. ШҚО әкімінің баспасөз қызметі тұрғындарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде орталық және жергілікті мемлекеттік мекеме басшылары атынан фейк парақша ашып, түрлі сылтаумен көмек көрсетуді сұрап, хабарлама жіберген жағдайлар көбейіп кетті. Олар көбінесе қарызға ақша сұрап жатады. Осы орайда алаяқтардың арбауына түспеулеріңізді және осындай хабарлама алған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуларыңызды сұраймыз», - делінген әкімдік хабарламасында.