Павлодар облысында жерге салынатын салық заңсыз түрде бес есе көтерілген

Автор: Azattyq Rýhy

Осылайша 760-тан астам кәсіпкердің құқығы тапталған

Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында мәслихат шешімімен ауыл шаруашылығы жерлеріне салынатын салықтың базалық мөлшерлемелері заңсыз көтерілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сонымен, Ақсу қалалық мәслихаты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салықтық мөлшерлемелерін негізсіз 10-нан 50%-ға дейін ұлғайтқан.

«Салық кодексінің талаптары бойынша жердің осы түріне мөлшерлемені көтеруге жол берілмейді. Осыған байланысты Ақсу қаласының прокуратурасы мәслихат шешіміне наразылық білдірді.

Нәтижесінде салық міндеттемелері төмендетілген 760-тан астам кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді.

Баянауыл ауданының прокуратурасы аумақтық мәслихаттың 650-ден астам бизнес субъектінің құқықтарын қозғайтын осындай шешіміне наразылық білдірді», - делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.