Оқиға кеше сағат 19:00 шамасында болды
Қарағанды облысында көктайғақ кезінде жолаушылар автобусының жүргізушісі 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өткен тәулікте ауа райына байланысты Қарағанды облысында 20-дан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Облыс полициясының мәліметінше, 56 жастағы жаяу жүргінші 12 қазан күні сағат 19:00 шамасында Қарағандыдағы Липецкая көшесінде келе жатқан.
Алдын ала мәліметтер бойынша, автобуста 53 жастағы жүргізуші болған. Жәбірленуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, дегенмен дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан алған жарақатынан қайтыс болды.