Қазіргі уақытта бұрымды боксшылар Азия чемпионатына дайындалуда
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиыны аясында, бапкерлер мен боксшылардың қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиын барысында құраманың жаңа капитаны сайланды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Спортшылардың басым көпшілігінің дауысымен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны ретінде сайланды», - делінген ақпаратта.
Айта кетерлік жәйт, қазіргі уақытта бұрымды боксшылар Азия чемпионатына дайындалуда. Құрлықтық біріншілік 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Иорданияда өтеді.