Бұған дейін ол Ұлытау облысының әкімі лауазымын атқарған
Берік Әбдіғалиұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының міндетін уақытша атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. Айзада Құрманова музейге арнайы келіп, Берік Әбдіғалиұлын музей ұжымына таныстырды.
Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы туған. Білімі жоғары: 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Тарих және қоғамтану оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында қызмет етті.