Солтүстік және орталық аймақтарда жаңбыр жаууы мүмкін
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жылы болады, бірақ күздің суық белгілері байқала бастайды. Күндізгі температуралар 20-25°C аралығында, ал түнде 7-15°C шамасында болады. Кейбір аймақтарда, әсіресе солтүстік және орталық бөліктерде, жаңбыр жаууы мүмкін, ал оңтүстік өңірлерде ауа райы ашық әрі құрғақ болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Абай облысы
Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 09 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 09 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысы
Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысы
Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 09 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Астана
Астана қ.: 09 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ұлытау облысы
Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 09 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысы
Қарағанды облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 09 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 09 қазанда облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Петропавл қ.: 09 қазанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 09 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Оскемен қ.: 09 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 09 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысы
Павлодар облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Павлодар қ.: 09 қазанда жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Ақмола облысы
Ақмола облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысы
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 09 қазанда оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.