59 елде дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9976 адамды құрады
Сыртқы істер министрлігі жалпыреспубликалық референдум аясында шетелдегі Қазақстан азаматтары үшін ашылған дауыс беру учаскелерінің жұмысы аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
59 елде дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9976 адамды құрады.
Бұл дауыс берушілердің 81.06% келуін қамтамасыз етті.
Айта кетейік, 6 қазан күні елімізде АЭС құрылысы бойынша жалпыреспубликалық референдум өтті. Exit poll нәтижесі бойынша қазақстандықтардың 69,8% АЭС салуды қолдады.