Жалпыреспубликалық референдумда Үлкен ауылының тұрғындары дауыс беруге түгелдей дерлік қатысты

Автор: Azattyq Rýhy

Оның тұрғындарының басым көпшілігі АЭС салуды қолдады

Фото: Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, дауыс беруге құқылы 1096 ауыл тұрғынының 1066-сы (97%) қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Олардың 956-сы АЭС құрылысы жобасын қолдайтынын білдірді. 79 адам қарсы дауыс берді.

Тағы 14 бюллетень жарамсыз деп танылды, себебі сайлаушылар екі жауап нұсқасын бірден белгіледі. 17 бюллетень бүлінген.