Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады
«Қазгидромет» орталығының мәліметінше, 7 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше өңірінде жауын-шашын мен желдің күшеюі күтілуде. Елдің солтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік аймақтарда күн ашық әрі жылы болады, бірақ кейбір жерлерде шаңды дауылдар байқалуы ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жамбыл облысы
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 07-09 қазанда түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. 08-09 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 07-09 қазанда облыстың оңтүстік-батысында төтенше, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 08 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысы
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 07 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысы
Ақмола облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 07 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ұлытау облысы
Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 07 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысы
Қарағанды облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 07 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 07 қазанда облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Петропавл қ.: 07 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысы
Күндіз Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 07 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Оскемен қ.: 07 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысы
Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 07 қазанда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 07 қазанда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Қостанай облысы
Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысы
Күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 07 қазанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысы
Павлодар облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысы
Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, орталығында найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. 07-13 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 07-13 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысы
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, тау етегіндегі аудандарында найзағай. Жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с. 07-13 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қонаев қ.: 07 қазанда жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, кей уақытта екпіні 18 м/с.