Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Ақтөбеде 34 жастағы ер адам бірнеше көліктен ұрлық жасады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен, күдікті сканерлеу құрылғысының көмегімен көліктің дабылын өшіріп, құнды заттарды қолды қылған. Онда көлік иесі барсеткаларын, сөмкелерін және басқа да бағалы заттарын қалдырған.
Автокөліктен миллион теңгеден астам ақша ұрланғаннан кейін күдікті көп ұзамай ұсталды. Кейінірек ер адам жалпы шығын үш миллион теңгеден асатын тағы бірнеше ұрлық жасағанын мойындады.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.