Теміртауда балабақша тәрбиешісі жұмыс уақытында мас болғаны анықталды (видео)

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 30 қыркүйекте болды

Фото: Видеодан скрин

Теміртаудағы «Айгөлек» мемлекеттік балабақшасынд мас тәрбиеші бүлдіршіндерге агрессия көрсеткені видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Патриот» Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

30 қыркүйекте полицияға тәрбиешінің балабақшадағы балаларға дөрекі қарайтыны және мас күйінде екендігі туралы жасырын қоңырау түсті. Келген полицейлер қызметкерді медициналық тексеруге алып кетті.

«Оқиға фактісі бойынша «Айгөлек» мемлекеттік балабақшасында қызметтік тергеу жүргізілуде.Тәрбиеші жұмыстан шеттетілді. Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты жұмыстан босатылғанға дейін нақты шаралар қабылданатын болады», - деп түсіндірді Теміртау білім бөлімі.

Видеода мұғалімнің дірілдеп, балалардың қолынан ұстап, оларға пижамаларын лақтырып жатқанын көруге болады.