Путиннің баспасөз хатшысынан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол ауруханада жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.

«Ауырып қалдым. Ауруханада емделіп жатырмын», - деді Песков басылымға.

РИА Новостидің хабарлауынша, Д.Песковтың әйелінен де коронавирус анықталған.