Өтінішті Telegram-бот арқылы да беруге болады
Коммуналдық қызмет үшін 15 мың алуға арналған сайт ашылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығы хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Өтемақы алу үшін Komtolem.kz сайтына өту керек. Алдымен жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу қажет. Жүйе өтініш берушінің тізімде бар-жоғын тексереді. Егер тұрғынға өтемақы берілуі тиіс болса, бірақ жеке сәйкестендіру нөмірі базада болмаса, +7 (7172) 28 09 59 нөміріне хабарласу керек», - деп жазылған хабарламада.
Өтінішті @KOMTOLEM_BOT Telegram-боты арқылы да жіберуге болады.