Ол Қазақстандағы науқастарды емдеу тактикасын ерекше атап өткен
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге Қазақстанның коронавирусқа қарсы күрес шараларына жоғары баға берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі
«Қазақстан – COVID19-ға қатысты ахуалды тұрақтандыру бойынша белсенді күш-жігердің тамаша үлгісі», - деп жазды Клюге Twitter-де.
Ол Қазақстанда коронавирусқа қарсы келесі шаралар атқарылып жатқанын атап өтті:
- күшейтілген бақылау;
- кең ауқымды тестілеу, соның ішінде медицина қызметкерлерін;
- мәліметтерді цифрлық түрде жинақтау;
- профилактикалық шаралардың уақытылы жүргізілуі және науқастармен байланыста болғандарды қатаң бақылау;
- науқастарды емдеудің дұрыс тактикасы;
- зерттеудің жүргізілуі.