Ол 2001-2002 жылдары Семей қаласының әкімі болған
Қазақстан ауыр атлетикасы федерациясының құрметті президенті, Семей қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Тұрлыханов қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясының сайтына сілтеме жасап.
Қайрат Тұрлыханов Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Таскескен ауылында (бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданы Таскескен ауылы) дүниеге келген. 1980 жылы СССР ІІМ-нің Алматыдағы мектебін бітірген. 1980-1987 жылдар аралығында ішкі істер органында қызмет еткен. 1993-2001 жылдар аралығында «Philip Morris» қауіпсіздік фирмасының бастығы, «Бақты» кеденінің бастығы, Семейдегі Ертіс өзені арқылы өтетін көпік құрылысын жүргізу бойынша дирекцияның бас директоры қызметін атқарған. 2001-2002 жылдары Семей қаласының әкімі болған.
Әр жылдары ШҚО Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы, ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының кеңесшісі, Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау комитетінің төрағасы, ҚР Көлік және коммуникация министрінің кеңесшісі, «Көліктік қызмет орталығы» АҚ басшысы қызметін атқарған. «Вокзал-Сервис» АҚ президенті болып еңбек еткен.