Алматыда 13 адамның өліміне себеп болған хостелдегі өртке қатысты сот отырысы басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Іс бойынша екі адамға айып тағылып отыр

Фото: depositphotos.com

Алматыда 13 адамның өліміне себеп болған хостелдегі өрт бойынша сот отырысы басталды. Іс Алмалы аудандық сотында қаралып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сотта белгілі болғандай, ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша екі адамға айып тағылып отыр. 

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 30 қарашасында Әди Шәріпов, 86 мекенжайында орналасқан «Almaty Hostel» хостелінен өрт шығып, 13 адам көз жұмған еді. Мерт болған 13 адамның төртеуі – шетелдіктер (Ресей Федерациясының 2 азаматы және Өзбекстанның 2 азаматы), қалған тоғызы – Қазақстан Республикасының азаматтары.