13 мамырға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

Фото: ашық дереккөзден

13 мамыр күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Жекелеген өңірлерде жаңбыр жауады, оңтүстікте қатты жаңбыр болжанады. Кей жерлерде екпінді жел, тұман, бұршақ, оңтүстікте және оңтүстік-батыста дауыл күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, күндіз Қызылорда облысында дауыл тұрады. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысында тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Күндіз жел 15-20 м/с артады.