ШҚО-да қос азаматтығы бар 9 адам ел аумағынан шығарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Өңір полицейлері қос азаматтығы бар адамдарды анықтап жатыр

Фото: depositphotos.com

ШҚО-да жыл басынан бері тәртіп сақшылары қос азаматтықпен жүрген 48 азаматты анықталып, оның 9-ы сот шешімі бойынша ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өңір полицейлері қос азаматтығы бар адамдарды анықтап жатыр.

«Мәселен Өскемен қаласының 59 жастағы тұрғыны 2021 жылдың мамыр айында көрші мемлекеттің азаматтығын алғаны белгілі болды. Бірақ бұл туралы заңда белгіленген мерзімде құқық қорғау органдарына хабарламаған. Шетелдіктің жеке куәлігі мен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты тәркіленді. Қазіргі уақытта ол Қазақстан азаматтығынан айырылды. Заңды бұзғаны үшін ер адам 200 АЕК көлемінде айыппұл төледі», - дейді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.