Алматы облысында полицейлер есірткі зертханасын жойды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті қамауға алынды

Фото: polisia.kz

Алматы облысындағы есірткіге қарсы күрес полицейлері он үшінші есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралар барысында облыстық есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Талғар ауданында жалдамалы үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған 35 жастағы облыс тұрғынын ұстады.   

«Тексеру барысында 336 грамм мефедрон психотроптық заты, 36 келіден астам прекурсорлар, сонымен бірге 1 канистр тұз қышқылы және химиялық заттарды синтездеуге арналған реагенттер табылып, тәркіленді. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», – дейді полицияда. 

 Полиция есірткі құралдары мен психотроптық заттардың таралуына қатысты барлық белгілі фактілерді аумақтық ішкі істер органдарына немесе «102» нөміріне хабарлау қажеттігін еске салады.