Олар АЭС құрылысының энергетикалық, экологиялық маңызы мен артықшылығын түсіндірді
Облыстық халықтық штаб мүшесі Кәмшат Тулеуованың айтуынша, АЭС елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
«АЭС елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қазір еліміздегі электр энергиясының тапшылығына байланысты біз оны басқа елдерден сатып аламыз. Ол үшін еліміздің бюджетінен жыл сайын 100 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаржыны даму мен әлеуметтік қажеттіліктерге бағыттауға болар еді. Біздің мақсатымыз АЭС арқылы энергетикалық тәуелсіздікке, таза экологияға, табысты экономикаға қол жеткізу,-деді ол.
Кездесуге қатысушылар жобаның қауіпсіздік мәселесіне алаңдаушылық білдірді. Депутат Ерлан Тілеуқабылов қауіпсіздік мәселесіне байланысты құрылыс халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілетініне сенім білдірді.
«Жобаны іске асыру мен жұмысын бақылау МАГАТЭ халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес реттеледі. МАГАТЭ — ядролық технологияларды бейбіт мақсатта қолдануды дамытумен қатар, ядролық қарудың таралуын болдырмау және ядролық қауіпсіздік стандарттарын жетілдіруге бағытталған ұйым. Оның миссиясы сол, әлемдегі ядролық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауды көздейді», — деді ол.