Күдіктілерге қатысты қылмыстық іс тіркелді
Атырауда есірткі таратумен айналысқан екі күдікті қылмыс үстінде ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Кинология орталығы қызметкерлерімен бірлесіп «Қарасора»жедел іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарын таратқан 38 жастағы ер адамды және 28 жастағы әйелді ұстады.
«Жеке тінту кезінде зип-пакетке салынған синтетикалық есірткінің 81 орамы тәркіленді. Сондай-ақ, жалға алынған пәтерлері мен қала көшелерінен күдіктілер жасырған 100 граммға жуық синтетикалық есірткілер анықталып, тәркіленді», - делінген ІІМ ақпаратында.
Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қылмыстық іс-тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.