Қостанайда жеңгетайлық жасаған әйел адам бірнеше жылға сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол екі жыл жеңгетайлық қызметпен айналысқан

Фото: istockphoto.com

Қостанай тұрғыны жеңгетайлық әрекетке барғаны үшін сотталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Tobolinfo.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ол массажисттерді жалдап, жезөкшелікпен айналысуды ұсынды.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылдың қазанынан 2023 жылдың мамырына дейін әйел адам әлеуметтік желіде массаж қызметіне жұмысқа қабылдайтыны туралы хабарландыру жариялаған. Хабарландыруларға жауап берген қыздармен кездесуде оларға жезөкшелікпен айналысуды ұсынды.

Ол Қостанайда пәтер жалдап, Telegram арқылы тапсырыстар қабылдаған, бір қызметі үшін 10 000 теңгеден 25 000 теңгеге дейін алған.

Сотта әйел өзінің кінәсін мойындап, өкінетінін айтты. Жеңгетайлық үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сот күдіктіні кінәлі деп тауып, оны барлық мерзімге пробациялық бақылаумен шартты түрде 2 жылға 6 айға бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.