Видео Instagram желісінде жарияланды
Астанада бетон таситын ауыр көліктің иесі нөмірін шешіп тастап, көшенің қақ ортасына бетон төккен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видео Instagram желісінде жарияланды. Желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
«Жүргізушіге мүмкін болатын айыппқлдың бәрін салу керек», «Мұндай мәселені тездетіп реттеу керек», «Менің аулама келіп, төксеңіздер болады, мекенжайын жіберіп қоямын», - деп жазды желі қолданушылары.