Астанада газ баллоны жарылған кафе қирап қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғадан 6 адам зардап шекті

Фото: ҚР ТЖМ

Астанада Ақыртас көшесінің бойында екі қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған кафеде газ баллоны жарылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, қирау алаңы шамамен 60 шаршы метрді, ал өрт алаңы 15 шаршы метрді құрайды.

«Өрт сөндірілді. 6 адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. ТЖМ күштері қауіпсіз жерге көлемі 50 литр болатын 4 тұрмыстық газ баллонын шығарды. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері үйінділерді бұзу жұмысын жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада.