Жол апаты 13 қыркүйек күні болды
Маңғыстау облысында жол апатында ауыр жараланған екінші қыз бала көз жұмды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жол апатынан 2022 жылы туған қыз бала ауруханада көз жұмды. Дәрігерлердің айтуынша, бүлдіршіннің жүрегі тоқтап қалған.
Айта кетейік, осыған дейін Ақтау маңында екі баланың жол апатынан зардап шеккені хабарланған болатын. Апат 13 қыркүйек күні кешке болған.