Бірқатар аймақта тұман күтіледі
Бүгін еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклоны әсерінен жауын-шашынсыз салқын ауа райы күтіледі. Алайда, елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жетісу облысы
Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Қостанай облысы
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысы
Қарағанды облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ұлытау облысы
Ұлытау облысында басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 28 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысы
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысы
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 28 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 28 қыркүйекте кей уақыттарда шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Атырау облысы
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 28 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысы
Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 28 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысы
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус үсік сақталады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 28 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
Абай облысы
Абай облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қәуіпі күтіледі. Ақтау қ.: 28 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.