Халықтық штаб өкілдері ШҚО және Улытау облысының тұрғындарымен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Кездесу барысында жасыл энергия көзінің артықшылықтары кеңінен жеткізіп, қала тұрғындарын мазалаған сауалдарына нақты жауаптар берді

Фото: «AMANAT» партиясы Улытау облыстық филиалының баспасөз қызметі

Өндіріс қызметкерлерімен жүздесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерболат Сатыбалдин, Аян Зейнуллин арнайы қатысты. Сонымен қатар, басқосуға облыстық штаб төрағасы Бауыржан Шыңғысов, штаб мүшелері Абзал Жиенбаев, Бақытбек Төребеков те қатысып, өздерінің ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Алғаш болып сөз алған Ерболат Сатыбалдин элeктр энeргeтикaсы eл экономикасының тұрaқты дaмуынa нeгіз бoлaтын бірeгeй сaлa екенін негізге алды.

«Қaзіpдің өзіндe біздің eліміздe элeктp энeргиясының тaпшылығы бaйқaлaды. Энeргия көздeрінің жeтіспeуі aлдaғы уaқыттa ірі өндірістік oрындap үшін дe үлкeн мәсeлeге aйнaлуы мүмкін. Өйткeні, бoлжам бойынша елімізде энергия тұтыну көлемі тұрақты өсіп келеді. Осы тұста елімізде атом электр станциясының салынуы электр қуатының тапшылығы мәселесінің бірден-бір шешімі болар еді»,- деді депутат. 

Ал Аян Талғатұлы өз кезегінде АЭС Қазақстанның көміртегі энергия көздеріне тәуелділігін азайтып, еліміздің экологиялық жағдайына оң өзгерістер әкелетінін алға тартты. 

«АЭС айналасындағы инфрақұрылымды дамыту жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірді дамытуға ықпал етіп қана қоймай, ел экологиясымен қатар экономикаға да оң әсерін тигізеді»,-деді халық қалаулысы.

Өзге штаб мүшелері елімізде атом электр станциясын салу үшін барлық объективті алғышарттар орындалған деген пікір білдірді. Атап айтқанда, уранның бай қоры, оны өңдеу мен өдіру үшін дамыған инфрақұрылым, сондай-ақ қуатты ғылыми база бар.

Шығыс Қазақстан облысы Самар аудандық Халықтық штаб мүшелері Гүлнар Шаймарданова мен Айнұр Отаршина ауыл шаруашылық саласының қызметкерлерімен кездесті.

Атом электр станциясы Қазақстанның энергетикалық жүйесін әлемдік энергетикалық нарықтағы өзгерістерге төзімді етеді, көмірсутектерге тәуелділікті азайтып, мұнай мен газдың әлемдік бағасындағы ауытқулардан елдің экономикасын қорғайды. Бұл Қазақстанға экономиканың тұрақтылығын арттырып, шығындарды алдын ала болжап отыруға мүмкіндік береді.

«Тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз ету экономиканы, әлеуметтік саланы дамытудың және халықтың жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етудің негізі болып табылады»,- дейді Айнұр Отаршина.

Сонымен бірге «AMANAT» партиясының ШҚОФ жанындағы өңірлік экологиялық кеңестің отырысы өтті. 
Жиынның күн тәртібінде климаттың өзгеруіне және халықтың денсаулығына әсер ететін өнеркәсіптік кәсіпорындардың парниктік газдар шығарындыларын азайту шаралары туралы және өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша ірі қалаларда атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын азайту сияқты бірқатар мәселелер қаралды.

«Экологияны жақсарту біз үшін басты мақсат. Бұл бағытта атқарылып жатқан шараларда аз емес. «AMANAT» партиясыда өз кезегінде экологиялық мәселелерді шешуге барынша басымдық беруде»,-деді өңірлік кеңестің мүшесі Зейнулла Султанбеков. 

Сонымен қатар жиын барсында кеңес мүшелері атом электр станциясының экологиялық тұрғыда тиімді тұстарында талқылады.

«Атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті қадам ғана емес, сондай-ақ төмен көміртекті экономикаға жаһандық көшу жағдайында елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы болып табылады. Атом электр станциясы Қазақстанға қазіргі энергетикалық мәселелерді шешуге және болашақта тұрақты дамудың негізін жасауға көмектеседі»,- деді Өңірлік кеңестің төрағасының орынбасары Татьяна Чернышова.

Тегтер: