Еуропаның орталық бөлігінде су тасқыны әлі жалғасып жатыр
Италияның орталық бөлігіндегі Тоскана аймағында нөсер жауын су тасқынына ұласып, жүздеген адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Пиза провинциясы қатты зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Сейсенбі күні түнде аймақта су деңгейі күрт көтерілгеннен кейін екі шетелдік турист, бес айлық сәби және оның әжесі із-түзсіз жоғалып кеткен. Италия билігі олардың бір тәулік бойы іздестіріліп жатқанын, іздеу жұмыстарына сүңгуірлер, құтқарушы иттер мен дрондар жұмылдырылғанын хабарлады. Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, сәбидің ата-анасы мен атасын шатырдан түсіріп, құтқарып қалған.
Бұған дейін, дүйсенбі күні, Ұлыбританияның кейбір аймақтарын да су басып, кенеттен болған су тасқыны салдарынан бір тәулік ішінде кей жерлерде айлық жауын-шашын мөлшері түскен.
Жолдар жабылып, Лондондағы кейбір теміржол бағыттары уақытша тоқтатылды, ондаған адам үйлерін су басқаны туралы хабарлады.
Орталық және оңтүстік Англияның кейбір аймақтарында 60-80 мм жауын-шашын түскен.
Биылғы жылы Еуропадағы төтенше ауа райы жағдайлары бүкіл континентте қиындық тудырды: жоғары температура мен күшті дауылдар әртүрлі өңірлерге әсер етті.