Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы аптада коррупция бойынша ұсталып, сотталғандар туралы хабарлама таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Заңсыз әрекеті үшін сотталғандар немесе анықталған заңбұзушылықтар:
- «Жамбыл облысы бойынша ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалы басшысының м.у.а. сотталды;
- Қызылорда облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы сотталды;
- Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің басшысы сотталды;
- Жамбылда Антикордың ұсынысы бойынша ауылдық округтердің жолдарына кепілдік мерзімі белгіленді;
- Антикор Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарды.