Адам қалдықтары академия аумағында инженерлік желілерді жөндеу кезінде табылған
Желіде Алматыдағы ҰҚК Шекара академиясының аумағында адам қалдықтары табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Адам қалдықтары академия аумағында инженерлік желілерді жөндеу кезінде табылған.
Алматы полиция департаментінде табылған зат туралы түсініктеме берілді.
«Ескі жерлеуді табу фактісі бойынша Медеу ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізуде», - деп хабарлады Алматы полициясы.