Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің басым бөлігінде фронттардың әсерінен жаңбыр жауады

Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, солтүстікте, оңтүстік-шығыста күн күркірейді.

Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста жел күшейеді.

Солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде 1 градус аяз сақталады.

Барлық дерлік өңірде төтенше өрт қаупі бар.