«Семей орманы» табиғи резерватында орманды тонау фактісі анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалды

Фото: instagram.com/qazaqormany

«Семей орманы» МОТР» РММ аумағында рейдтік іс-шаралар барысында резерваттың мемлекеттік инспекторлары Абай облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп ағаштарды ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2024 жылдың 19 қыркүйегінде «Семей орманы» МОТР» РММ Семей филиалының Талица орманшылығының аумағында өртенген ағаштарды дайындау жұмыстары жүргізіліп жатқан жерде рұқсатсыз дайындалған кәсіптік ағаштың сүректері табылып, жауапты тұлға анықталды. Осы факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 381-1-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды», - делінген хабарламада.